Бүгін ауданда Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында Кеңес Одағының батыры Мұса Баймұхановтың 115 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.
Алдымен шараға қатысушылар бейбіт өмірге жете алмай, ерлікпен қаза тапқан аға-апаларымыздың рухына бас иіп, үнсіздікпен еске алды.
Аудан әкімі Азамат Мәмбетов Ұлы Жеңістің 80 жылдығы және Кеңес Одағының Батыры Мұса Баймұхановтың 115 жылдық мерейтойы – баршамыз үшін ерекше тарихи мәні бар айтулы оқиға екендігін айтып, оның ерлігі – жас ұрпаққа өнеге, елді сүюдің, жерді қорғаудың жарқын үлгісі екендігін жеткізді.
Сондай-ақ, салтанатты шара аясында қоғамға сіңірген еңбектері үшін бірқатар азаматтарды аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттап, естелік сыйлықтарын табыс етті.
Салтанатты шарада Мақат ауданының прокуроры Магилан Рахимов, ауданық қорғаныс істері бөлімінің басышысы Ертуған Әміров пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Сүлейменұлы Ұлы Жеңістің маңызы мен батырлардың ерлігі жайында пікірлерін жеткізді.
Әрі қарай аудандық «Халықтық» театры Мұса Баймұханов туралы көлеңкелі театр қойылымын көрермен назарына ұсынды.
Шара аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты.
Ә.ҚАСЫМ