14 тамыз - 30 қыркүйек аралығында облыс аумағында “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіледі.
Қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде азаматтармен сенімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ халық арасында ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру бойынша шараларды күшейту мен құқық бұзушылықтардың алдын алу шараларды күшейту, қолайсыз жағдайдағы отбасыларды анықтау, заңсыз көші-қонның жолын кесу, сондай-ақ шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу тәртібінің қағидаларын бұзушылықтарын қадағалау мақсатында, ағымдағы жылдың 14 тамыз - 30 қыркүйек аралығында облыс аумағында “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізілетіндігін ескертеміз.
Т.Кеңесов,
Мақат ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі