Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пайдаланылмай жатқан жайылымдық жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөнінде нақты тапсырма берген болатын. Бұл бағыттағы жұмыстар ауданымызда да жүзеге асуда.
Аудан прокуратурасы пайдаланбай жатқан жерлерді анықтау және міндетті жер төлемдерін өндіру заңдылығына жүргізген талдау барысында кент аумағында және Қарабатан елді мекенінде орналасқан кадастрлық құны 414,2 млн теңгенің 7 кәсіпкерлік мақсаттағы, сонымен қатар 9,7 млн теңгенің 5 ауыл шаруашылық жерін анықтады.
Прокуратурамен енгізілген актілер негізінде кадастрлық құны 7,2 млн теңге болатын 7 мың гектар, 2 ауыл шаруашылық жері мемлекетке қайтарылды.
Атырау облысының Жер ресурстарын басқару департаментімен қалған 10 жер иелеріне 1 жыл мерзім ішінде нысаналы мақсаты бойынша жерді пайдаланып, игеруге нұсқама берілді. Нұсқама белгіленген мерзім ішінде орындалмаса Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарына сәйкес мәжбүрлеп алып қоюға жатады. Сондай-ақ, міндетті 16,2 млн теңге жер төлемі мемлекеттік бюджетке өндірілді.
Мақат аудандық прокуратурасы