Құран Кәрімді жатқа айтты

(0 Votes)

Өткен аптада Атырау қаласында Орталық "Иманғали" мешітінде сегізінші республикалық Құран жарысына іріктеу сайысы өткен болатын. Аталмыш сайысқа Атырау облысы бойынша үміткерлер қатысып, Құран Кәрімді жатқа айту және мәнерлеп оқу бойынша бақ сынасты.

Ұстаз Хусейн Кая Құран аяттарын оқыған соң, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, орталық "Иманғали" мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Мансұров қатысушыларға сәттілік тілеп, сөз сөйледі. Аталмыш байқауға Доссор мұсылмандар «Сәтен-Шәмек» мешітінің үш тәлабалары қатысып, жүлделі орындардан көрінді. Құранның 30 парасын жаттаудан бақ сынаған Захид Халматұлы жеңіске жетті. Құранның 10 парасын жаттаудан Әбубәкір Ізгілік бірінші орынды жеңіп, сайыстың республикалық кезеңіне жолдама алды. Ал, Омар Ізгілік Құранның 10 парасын жаттаудан екінші орынға ие болды.

Құраннан (таджуид) сабақ беруші Доссор мұсылмандар «Сәтен-Шәмек» мешітінің имамы Бердіқұлов Батыр Қажының шәкірттері ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

С.МӨЛДІР.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521