Оңалту орталығында тренинг өтті

(1 Vote)

Аудандық орталық аурухананың реабилитация саласы мамандарына арналған «Тірек қимыл және психологиялық жүйе бұзылыстарын кешенді оңалту шаралары» циклі бойынша 72 сағаттық практикалық семинар-тренинг өтті.

Тренингті «Болашақ К» қоғамдық қоры жанындағы оңалту орталығының дефектолог-логопед, кинезиотерапевт, тренер, кинететикс бойынша жетекші мамандары жүргізіп,  ауданның  оңалту орталықтары мен ерекше балаларды дамыту мекемелерінің реабилитолог, невролог дәрігерлері, мейірбикелеріне, кіші медициналық қызметкерлеріне, емдік денешынықтыру әдіскерлері, дефектолог, логопед, эрготерапевт, психолог мамандарына  өткізді. Ауданның 20-дан астам мамандары қатысқан тренингке  реанимация бөлімінің мейірбикелері мен кіші қызметкерлері де  қатысты. Себебі, олар науқасты қауіпсіз жылжыту, қозғау барысында қызметкердің өзіне және пациентке салмақ салмай, дұрыс қозғалту тәсілдерін үйренді.

Бұл жоба «Теңізшевройл» ЖШС әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясындағы қолдауымен жүзеге асырылуда.

- Сабақ барысында тірек-қимыл аппараттары, әр түрлі диагнозбен келген науқасты алғашқы кезеңнен бастап, оңалып кеткенге дейінгі арақашықта қандай оңалту шараларын практика жүзінде үйрендік.Аталған тақырып бойынша ДЦП диагнозды балаларды және инсульт алған адамдарды оңалту шараларын үйреніп жатырмыз. Білімімізді жетілдіріп, тәжірибе алмастық. Тәжірибе алмасудың маңызы қашан да зор екені белгілі. Әсіресе, білікті мамандар келіп, білгенімен бөлісіп жатырса, біз үшін де балалар үшін де үлкен қуаныш, - деді №7 психология-педагогикалық түзеу кабинетінің емдік денешынықтыру массаж маманы Айнагүл Тукешова.

5 күнге созылған тренингте реабилитация негіздері, балалар церебральды сал ауруы және инсульт түрлері, параллельді-спиральді қимыл қозғалыстар, логопедиялық массаж әдістері, қимыл-қозғалыс биомеханикасы, дұрыс емес стеоротиптер, ми және оның құрылысы, тірек-қимыл жүйесі, ПНФ терапиясы, терапия түрлері, қосымша және балама коммуникация негіздері, короновирустен кейін оңалтуда пайдаланылатын тыныс жаттығу түрлері, тұйық кинематикалық байланыс, рефлекторлық гимнастика, дыбыс қою технологиясы және артикуляциялық жаттығуларды практика-теория жүзінде үйреніп, тәжірибе алмасты.

 

А.ТАУМҰРЫНОВА

сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT