Аймақ басшысы алдымен Талдыкөл ауылына ат басын бұрып, мұндағы кірме жолдың күрмеуін шешуді тапсырды, - деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.
Облыс әкімі іс-сапар аясында Сарайшық ауылында салынатын Сапар орталығы мен 300 орындық мешіттің құрылыс-жоспарымен танысты. Ары қарай, ауданға қарасты "Құрсай" каналына барды. Биыл, күрделі жөндеуден өткен каналдың 39 шақырымы толық пайдалануға беріліп, екі жаңа су сорғысы қондырылған.
⁃ Бұрын "Құрсай" каналының 11 км шақырымын ғана пайдаланатын едік. Қазір күрделі жөндеуден өткен соң, толық пайдаланып ескі екі су сорғысын жаңарттық. Су тапшылығы жоқ - дейді, жұмысшы топ.
Облыс әкімі әр аймаққа жауапты мамандарға тиісті міндеттер жүктеді.{jcomments on}