Нұрмұхаммедтің бағы жанды

(0 Votes)

Ақтөбе қаласында бокстан Әлем және Азия чемпионы Галиб Джафаровтың жүлдесіне арналған ХІІІ халықаралық турнир ұйымдастырылған болатын. 2007-2008 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен додада 16 команданың мүшелері 14 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынады. 

Атырау облысының намысын қорғаған аудан спортшысы Нұрмұхаммед Алдабергеннің бұл сайыста да бағы жанды. Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің бокс үйірмесіне қатысушы Нұрмұхаммед 48 келі салмақ дәрежесінде І орын иеленіп, алтыннан алқа тақты.

Айта кетейік, жыл басынан бері Нұрмұхаммед екі республикалық турнирде бақ сынап, екеуінде де чемпион атанды. Болашағы зор жас боксшыдан бапкерлері зор үміт күтеді.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT