Балалар оркестрі жүлдегер атанды

(0 Votes)

Жақында облыстық Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен музыка және өнер мектептерінің оқушылары арасында қазақ халық аспаптары оркестрлері мен фольклорлық ансамбльдерінің облыстық байқауы өтті. 

Байқау музыка және өнер мектептерінің оқушыларының эстетикалық, адамгершілік және патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, әлемдік және отандық музыка мәдениетінің дәстүрлеріне жеке қызығушылықтарын ояту, музыкалық дарынды білім алушылар мен ұжымдарды қолдау, олардың белсенділіктері мен кәсіби бағдарларын ынталандыруды мақсат етті.

Аталмыш шараға аудан атынан Мақат балалар өнер мектебінің балалар оркестрі белсене қатысып, оркестрлер арасынан жоғары шығармашылық дарынымен ерекшеленіп, ІІІ орынға ие болды.

А.ДЮСЕНОВ,

Мақат балалар өнер мектебі директорының

тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521