Нашақорлыққа жол жоқ!

Нашақорлыққа жол жоқ!
Сурет автордікі
(0 Votes)

Бүгін Мақат кентінің орталық алаңында аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен балалар арасында «Нашақорлыққа жол жоқ – балалар көзімен» атты сурет фестивалі өтті.

Балалар мен жасөспірімдерге есірткінің зияндығын түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған аталмыш шараға 9-12 жас аралығындағы он жас суретшілер қатысып, өзара бақ сынады.

Шара барысында байқауға қатысушылар өздеріне берілген 1 сағат ішінде түрлі-түсті карандаш, гуаш, акварель бояуларын қолдану арқылы а-4, а-3 нұсқадағы ватман қағазға нашақорлыққа қарсы өз ойынан туындаған суреттерді салды.

Фестиваль соңында барлық қатысушылар аудандық мәдениет үйінің басшысы Кенжебике Айтмұханқызының алғыс хаты және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Одан өзге, шара барысында тұрғындар арасында зияткерлік ойын ұйымдастырылып, викториналық сұрақтар қойылды.

 

Ботакөз Асхатқызы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT