Бүгінде ауданға қарасты кент және округ көшелерін безендіруді біріздендіру және аудан тұрғындарын ақпараттандыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр.
Осы жұмыстар негізінде Мақат кентінің С.Мұқашев көшесі бойында орналасқан бұрынғы су мұнарасының қасбетіне медиафасад және көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы беткейіне лэд жарық шамдары орнатылды.
«Көше көркіне көрік беру мақсатында Мақат кентінің С.Мұқашев көшесі бойында орналасқан бұрынғы су мұнарасының қасбетіне медиафасад және Алаш көшесі 80/7 және 80/2 және С.Мұқашев кешесінің 80/1, 30/1, 30/2 көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы беткейіне лэд жарық шамдары орналастырылуда. Аталған медиафасадта аудан көлемінде өткізілген әртүрлі шаралар мен мереке күндері құттықтау және өзге де қажеттілігіне қарай бейнематериалдар жарияланатын болады»,- дейді кент әкімі Б.Сәрсен.
Б.Қасымова