АУДАН ӘКІМІ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

АУДАН ӘКІМІ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ
(0 Votes)

Бүгін аудан әкімі Азамат Мәмбетов Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай аудандық “Мақат тынысы” қоғамдық-саяси газетінің ұжымын және аудандық “Caspian News” телеарнасының өкілдерін қабылдады.

Еркін форматта өткен кездесу барысында аудан әкімі ақпарат саласында аянбай еңбек етіп жүрген жандардың еңбегі қоғам үшін аса маңызды екендігін айтып, кәсіби мерекемен құттықтады.

Сондай-ақ, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің шынайы жаңалықтарды дер кезінде жеткізу жолындағы еңбегі мен табанды жұмысы қашанда құрметке лайық екендінін айтып, арнайы алғыс хат табыс етті.

Редакция қызметкерлері де өз кезегінде аудан әкімдігіне ұсыныс-пікірлерін білдіріп, алғыстарын айтты.

Ә.Қасым

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT