Нәзік жандыларға сенім артып отыр

(0 Votes)

Жуырда кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің ғимаратында Атырау облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өткізілді.

Шараға төрағалық еткен аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Ерғалиев күн тәртібіне қойылған мәселелерге тоқталып өтті. Жиынға облыс әкімі аппаратының бас инспекторы Зәмзәгүл Жалмурзина, әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Жаннат Асабаева, облысқа танымал бизнес-тренер Нұрлан Азаматов, «Иверия» этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Зураб Бобохидзе, қоғамдық кеңес мүшесі, ардагер-ұстаз Дәмен Алтаева, аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Ерғалиев және аудан әкімі жанындағы әйелдер істері жөніндегі комиссия мүшелері қатысты.

Жиынның мақсаты-саясаткер әйел клубтарының, әйелдердің көшбасшылық мектептерінің жұмысына сипат бере отырып, әлеуметтік белсенділіктері, жұмыстарын жандандыру, кез-келген еңбек саласына араластыру. Жиында Зәмзәгүл Жалмурзин бүгінде басшылық қызметте жүрген әйелдер бұрынғыға қарағанда басым екенін тілге тиек етті. Қазіргі таңда гендерлік саясат жоғары дәрежеде жүргізіліп келеді. Мұндай әйел азаматтардың барлық салаларда қызмет жасайтындығы көңіл қуантады. Әйел адам өз ісінің шебері және көшбасшысы болу үшін өзіне деген сенімділікті жоғалтпау керек. Тек, қызмет бабымен емес, отбасылық міндеттерін қатар алып жүрсе, бағындырар асулары көп боларына сенімдімін-дейді.

Гендерлік тең құқық болуы үшін билік басында үн қататын, өжет, қайсар ханымдардың болғаны маңызды. Әйелдер ақыл-парасаты жағынан да білімі, кәсіби шеберлігі мен қабілеті жағынан ер адамдардан еш қалыспайды. Бұл дәлелдеуді қажет етпейді. Гендерлік саясат - қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет.

Бүгінгі ұрпақ-ертеңгі отбасы. Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұлт, өркениет ошағы, үлгі-өнеге бастауы. Қазақ халқын да отбасы ең басты құндылықтардың бірі саналған. Ертең үлкен қамалдарды бағындыратын, ел үшін ештеңеден тайынбайтын, елге қамқор азамат отбасынан шығады. Өкінішке орай, қазіргі кезде үйлене салып ажырасу, үлкендерді сыйламау, т.б. жағдайлар жиі кездесуде. «Ұя бұзған оңбайды» - деген қазақта мақал бар. Отбасы мәселесі – барлық мәселенің бастауы. Өйткені отбасы құныдылығы өз орнына келмейінше, мемлекеттік мәселелер де дұрыс шешілмейді. Яғни, мемлекеттік мәселені шешу үшін-дұрыс отбасынан шыққан адамдар болуы қажет деп тұжырымдады Дәмен Алтаева.

Сөз соңында Н.Азаматов «Шешендік өнер және эмоциялық еркіндік» тақырыбында тренинг өткізді. Тренер аудиториямен энергетикалық дәрежеде жұмыс істеді. Жетістікке жету жолында күресуге, сәттілік пен сәтсіздікке қарсы тынбай еңбектенуге шақырды. Ойлаған армандары орындалмаған жағдайда, рух пен күш-жігер көмектеседі. Жиынға қатысқандарға пайымды пікірі мен ұтымды ұсыныспен бөлісті. Қоғам мен мемлекет тарапынан нәзік жандылардың іскерлік белсенділіктері мен саяси ықпалдастықтарына деген сенім жоғары деңгейде көрініс табуда.

Г.ИГІЛІКҚЫЗЫ.

Сурет автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521