Мақатта ішаралық қоғамдық көліктер жолға шықты

(0 Votes)

Өткен аптаның сейсенбісінде аудан орталығында кентішілік қоғамдық автокөліктер жолға шықты.

Күнделікті таңертеңгі сағат 7-30 шамасында тасымал қызметіне кіріске автобустардың жұмыс жасау кестесі кешкі 20 сағатқа дейін Мақат кент ішіндегі Локомотив ықшам ауданынан Ынтымақ ауылы аралығында жолаушылар тасымалдайды.

Автобустарды алғашқы сапарына шығарып салуға арналған салтанатты жиынында аудан әкімі Жұмабай Қарағаев облыс әкімі тапсырмасы негізінде тұрғындар сұранысымен шешімін тауып отырған қоғамдық көлік жолаушыларына сәттілік тілеп, жүру бағыттарын жадылады. Қоғамдық көліктердің жүру бағыты кент ішіндегі 9 шақырым ішінде 21 аялдаманы құрайды. Бұл жұмысты қолға алған «Автомобиь-М» ЖШС мекемесі сиымдылығы 25 адамды қамтитын екі ГАЗель NEXT автокөлігін қарама-қарсы бағытта жүру кестесімен сапарға қосты. Бұған дейін тұрғындар бір бағыттағы бағасы 150 теңгемен тасымалдайтын таксимен жүруге мәжбүр болып келсе, енді тасымал құны 50 теңгені құрайтын көліктерге отырып, қолжетімді бағамен діттеген жеріне жетуіне мүмкіндік тауып отыр.

Н.ЛЕНА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521