Нұрмұхаммедке қарсылас шақ келмеді

(0 Votes)

Ауданымыздың абыройын асқақтатқан былғары қолғап шеберлерінің бағындырып жүрген белестері аз емес. Наурыз айының 17-21-і күндер аралығында Жамбыл облысы Тараз қаласында бокстан 2008-2009 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында Оңтүстік-Батыс аймақтық Қазақстан чемпионаты өткен еді. Кезінде азуын айға білеген ағаларының жеңісті жолы інілеріне де жұғысты болып, 42 келі салмақ дәрежесі бойынша Алдаберген Нұрмұхаммед чемпион атанды.


Еске сала кетейік, жарысқа Шымкент, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарынан барлығы 250 спортшы қатынасқан еді. Ал, Атырау облысының атынан ауданымыздың намысын 5 спортшы қорғады.


Жарыстың атауы ғана Оңтүстік-Батыс аймақтық демесеңіз бұл чемпионаттың дәрежесі ел біріншілігінен кем емес. Сондықтан да спорттың бұл саласындағы даңғыл жолдың өз жалғасын тауып жатқанына шын қуаныштымыз.


Сондай-ақ, сәуір айының 21-25-і күндер аралығында Ақтөбе қаласында өтетін Қазақстан Республикасының чемпионатында ауданымыздың 2 спортшысы Алдаберген Нұрмұхаммед (42 кг) Беркінғали Исламбек (56 кг) салмақ бойынша Атырау облысының намысын қорғайды. Спортшыларымызға тек сәттілік тілейміз!


А.САДЫҚОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT