Мүсіншілердің мерейтойға тартуы

(1 Vote)

Мұнайлы Мақат ауданының құрылғанына 95 жылдық мерейтойына орай жасалып жатқан шаралардың тізімін жас мүсіншілердің симпозиумы жалғастыруда.

Алматыдан ат арытып келген жас мүсіншілер бес туындыны сыйға тартпақ. Аудан әкімшілігінің тапсырмасымен орталық алаңда Ақтаудың ақ тасынан қашалып жатырған бес мүсін қазақи дүниетанымға сай нақышталады. Айталық сандық үстіндегі ер-тұрман, балбалтас бейнесі, өгіз мүйізі бейнесінде қашалған оюлар секілді түрлі туындылар алдағы уақытта ауданның ажарын келтіретін болады.

musinshiler

pamiatnik

Бұған дейін халықаралық EXPO көрмесінде қазақи этно ауылды әспеттеп үлгерген жас шеберлер еліміздің өзге де қалаларында үлкен-үлкен құрылыс алаңдарында өз қолтаңбаларын қалдырған. Қол өнер шеберлері тапсырылған жұмысты бір ай көлемінде бітіруді жоспарлап отыр.

А.Садыков

суреттер автордікі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT