Студент те болады, жалақы да табады

(1 Vote)

Экономиканың қарқынды дамуымен кәсіби-техникалық маман иелеріне сұраныс артуда.

uirenushiler

danekerleushi

Соған орай, теориядан гөрі тәжірибеге басымдық берілетін дуальдық жүйені енгізуге ауданымызда бірнеше жыл бойы  жұмысшы мамандар даярлап келе жатырған Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі  қол жеткізді. Доссор мұнай-газ  өндіру басқармасымен арадағы келісім негізінде осы оқу жылынан бастап газэлектрдәнекерлеуші мамандығы бойынша оқып жатырған 5 студент  аталған мекемеде жұмыс жасай жүріп, қос бағытты білім алатын болады. Бұл жетістікті колледж әкімшілігінің ұзақ уақыт бойындағы табанды жұмысының нәтижесі десек артық айтқандық емес. 

Жағымды жаңалықты жеткізген колледж директорының өндірістік оқыту жұмысы жөніндегі орынбасары  Назымгүл Баженова колледж әкімшілігі осы бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыратынын айтты. Енді, басқа мамандықтар бойынша да дуальді оқыту жүйесі енгізілмек екен.

Өз тілшіміз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521