Мақат кенті әкімдігінің мәжіліс залында жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жат ағымнан аулақ болайық» атты кездесу өтті.
Жастар қатысқан шара барысында Мақат аудандық орталық мешітінің бас имамы Б.Сағындықов жат ағымдардан қалай сақтану керек екенін, ислам дінінің артықшылығын, тәрбие отбасынан басталатынын, діни білімді интернеттен алмау керек екенін, ұлттық сананы қалыптастыру жөнінде уағыз айтты.
Елімізде жастарды адастырып жүрген уахабизм мен-салафизмнің тармақтары және пайдаланатын әдіс тәсілдерін ашып көрсетіп, маңызды ақпараттармен бөліскен бас имам жастарға уақытты дұрыс пайдалана білуге шақырды.
Кездесу соңында жастар сауалдарын қойып, жауаптарын алды.
Мақат аудандық орталық
мешіттің баспасөз қызметі