Мұса батырдың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

(0 Votes)

9 мамыр — Ұлы Жеңіс күні аудан орталығында сән салтанатымен атап өтілді.

Алдымен Мақат аудандық мәдениет үйінің ауласындағы Кеңес Одағының батыры Мұса Баймұқановтың ескерткішіне жерлестері гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

Іс-шараға қатысқан Мұса Баймұханов атындағы орта мектептің және Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінің ұжымы Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан батырды бір сәт үнсіздікпен еске алды.

Шарада М.Баймұханов атындағы орта мектебінің директоры Әсемгүл Масатқызы және мектеп ұстазы Роза Айтекешова сөз сөйлеп, батырлар ел есінде қалатындығын атап өтті.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521