Мақаттықтар “Боздағын күткен ана” рухына тағзым етті

(0 Votes)

 Мақат кентіндегі "Боздағын күткен ана" ескерткішіне де Жеңіс күнінің құрметіне мекемелер гүл шоқтарын қойды.

Ол жерде Х.Санбаев атындағы орта мектеп, Л.Шахатов атындағы орта мектеп, №2 бастауыш мектебі, Мақат стансасының ұжымдары және ескерткішке арналған жанның туыстары болды.

Жергілікті өлкетанушы Орақ Деңгелбаев гүл шоқтарын қоймас бұрын ескерткіштің тарихы туралы тоқталып өтті.

Айта кетейік, бұл ескерткіш II дүниежүзілік соғыста баласынан айырылған Сәнді Деңгелбайқызына қойылған.

Кейуана жалғыз ұлын майданнан 30 жыл бойы сарыла күткен. Алайда хабарсыз кеткен жалғызынан бір дерек ала алмастан, 95 жасында өмірден озыпты. Вокзал алдына орнатылған биіктігі 4 метрлік ескерткіште батысқа көз тастап телмірген ананың бейнесі сомдалған.

“МТ”

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз