Отан қорғаушылар күніне орай орталық алаңда "Ер елінің қорғаны" атты мерекелік концерт өтті.
Шара басы аудан әкімінің орынбасары Ербол Қонысбайұлының құттықтау сөзімен басталды.
“Баршаңызды Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Отан қорғау – перзенттік парыз, мәртебелі міндет. Еліміздің тыныштығы мен жеріміздің тұтастығын сақтау жолында қалтқысыз қызмет етіп жүрген ержүрек жауынгерлеріміздің еңбегі ерен. Біз осындай жандардың ерлігіне қашанда сый-құрмет көрсете білуіміз керек. Сіздердің дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық және еңбекте жеміс пен толағай табыстар тілеймін! Ел іргесі бүтін, жұртымыз тыныш болғай!”, - деді өз сөзінде.
Сондай-ақ, ол әскерден келген сарбаздарға, ардагерлер мен бірқатар қызметкерлерге аудан әкімінің алғыс хатын табыстады.
Одан әрі, аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлім басшысы, подполковник Ертуған Қасымжанұлы сөз алып, аудан тұрғындарына осындай ерекше күнде бейбіт өмір, баянды бақыт, татулық пен береке-бірлік тіледі.
Шара соңы аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
“МТ”