Мерекелік жәрмеңке мәре-сәре қылды

(0 Votes)

Қарттар күні мерекесіне орай  Мақат кентіндегі Парасат көшесінде орналасқан «Думан» базарында ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Онда көршілес облыс, аудандардың кәсіпкерлері төмендетілген бағамен өз өнімдерін ұсынды. Жаппай сатылымға көкөніс, бақша дақылдары, ет, балық, сүт өнімдері мен шұжық сынды өнім түрі әкелінген.

232

Жалпы соңғы жылдары ауданда апта сайын жәрмеңке ұйымдастыру игі дәстүрге айналған еді. Тұрғындардың да бұған еті үйреніп, әр бейсенбі сайын жәрмеңкеге асығатын. Дегенмен төтеден төңген індет салдарынан карантин ережесіне сай наурыз айынан бері жәрмеңке жұмысына тосқауыл қойылған болатын. Енді, міне, өңірдегі ахуалдың тұрақтануына байланысты жәрмеңке қайта жанданбақ.

bazar-3

Бұл күні таңертеңмен жәрмеңкеге келіп арзандатылған бағада сатылған тауарларды  сатып алуға асыққан тұрғындардың қарасы қалың. Олар құнарлы да сапалы өнімдерді саудалап мәре-сәре болысты. Қарттардың мерейлі мерекесінен бастау алған жәрмеңке енді әр апта сайын қайтадан жалғасын таппақ.

565

«Әкімшілікке көп рахмет. Қарттар күнін елеп-ескеріп, біздерге арзан бағада жәрмеңке ұйымдастырып жатыр. Осы жерден керек-жарағымызды алып, қуанышты жағдайда тұрмыз. Үлкендер аман болсын, жастарымыз да жарқырып жүре берсін. Бақуатты өмір сүріңіздер, біздер, үлкендер тілекшіміз ғой»,- деді кент тұрғыны Күләш Аққалжанова.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Суреттер автордан

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT