Бүгін аудандық мәдениет үйінде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қатысушыларын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты іс шарада аудан әкімінің міндетін атқарушы Бекәділ Жайкин құттықтау сөз сөйлеп, жыл сайын үлгілі отбасыларды ұрпаққа таныту, үлгі ету мақсатында дәстүрге айналған ұлттық конкурстың маңыздылығын айтты.
Сондай-ақ, Бекәділ Орынбасарұлы отбасы құндылықтарын дәріптеген, шаңырақтың шырайын кіргізіп, түтінін түзу ұшырған отбасыларды арнайы номинациялармен марапаттады.
Олардың қатарында Сисенғазиевтер, Түсіпқалиевтер, Ильясовтар, Қонановтар, Сәрсенғалиевтер және Қадыровтар отбасы бар.
Нәтижесінде Қадыровтар және Түсіпқалиевтер отбасы облыстық кезеңге жолдама алды.
Мерекелік шара соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Ә.ҚАСЫМ