Бүгінгі таңда елімізде бұқаралық спортты дамытуға айрықша көңіл бөлініп келеді. Осы орайда аудан спортшылары да әртүрлі деңгейдегі жарыстарда бой көрсетіп, мұнайлы мекеннің абыройын асқақтатып жүр.
Жақында Петропавл қаласында муайтайдан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті.
Аталмыш додаға Доссор балалар жассөспірімдер спорт мектебінің спортшылары қатысып, аудан абыройын асқақтатып қайтты.
Атап айтқанда, Арсен Бисембай, Богдан Полфунтиков, Ербол Өтеген жүлделі I орынды еншілеп, жеңіс тұғырынан көрінді. Ал Диас Сәлімжанұлы II орынды қанжығасына байласа, Әділет Құбайдолла мен Ерназар Түгелбай III орынды місе тұтты.
Айта кетейік, аталмыш жарыста чемпион атанған доссорлық спортшылар Таиланд елінде болатын әлем чемпионатында бақ сынайтын болады.
Ә.ҚАСЫМ