Медиаторлар күні аталып өтті

Фото:суреттер автордікі
(0 Votes)

Апта басында аудандық соттың медиация кабинетінде 5 тамыз – Республикалық медиаторлар күніне орай «Медиация – татулық тірегі» тақырыбында шара өтті.

 

Аталмыш шараға облыстық сот төрағасы Мұхтар Парменов пен жеті ауданның медиаторлары қатысты.

Облыстық сот төрағасы Мұхтар Парменов дана бабаларымыздың тоқсан рулы елдің дауларын тоғыз ауыз сөзбен түйіндегенін айтып, бүгінгі таңда сол билердің текті жолын жалғаған медиатолардың қоғамда алатын орнын ерекше атап өтті.

Мереке қарсаңында облыстық сот төрағасы Мұхтар Парменовтың алғыс хатымен ауданымыздың медиаторлары Қабылхан Мұхамбетұлы мен Ғалымжан Халелұлы марапатталды.

Одан бөлек, аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Құрмет Орыспаев аудан медиатоларын аталмыш мерекемен құттықтап, медиация институтын жетілдіруде халықтың құқықтық сауатын арттыруға қосқан сүбелі үлесі үшін ауданымыздың бітімгерлері Алпысбай Ындыбаев, Сәбит Халенов, Ерғазы Османұлы, Роза Умбетова, Жақсылық Алтыбаев, Қадірғали Бисенов, Шаяхмет Боханұлы, Эльмира Хамзақызына арнайы алғыс хат табыс етті.

Марапат төрінен көрінген медиаторлар да жүрек жарлы лебіздерін білдіріп, осы салада әрі қарайда келелі жұмыс атқаратындарын жеткізді.

Ж.ҚАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT