Тасқын тапсырманы күтіп тұрмайды

(0 Votes)

Еліміз бойынша «Көктем-2018» командалық-штабтық оқу-жаттығуын дайындау мен оны өткізу жөнінде ұйымдастыру шараларын жүзеге асыру мақсатында облыс басшысының нұсқаулығына сәйкес аудан әкімі, азаматтық қорғаныс бастығының бұйрығымен өткен аптада құрылымдық саптың дайындығы тексерілді.

Мақат желілік-өндірістік басқармасының автокөлік тұрақ алаңында «2018 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесіндегі басқару органдарын, күштері мен құралдарын даярлау» тақырыбында республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуында күш-құралдар мен техникалардың әзірлігі пысықталды. Оқу-жаттығу мақсаты - аудан көлемінде азаматтық қорғау қызметінің құрылымдарын жоғары әзірлікке келтіру, ықтимал төтенше жағдайларды дер кезінде жою, көктемгі кезеңінде төтенше жағдайда халықтың тыныс тіршілігін қамтамасыз ету, зардап шеккендерді эвакуациялау және ұйымдар арасында өзара іс-қимылды ұйымдастыру, оқу-жаттығуды өткізу кезінде, іс-шараларды орындау бойынша қолда бар күштерді, құралдар мен ресурстарды тартуға жан-жақты жәрдем және көмек көрсетуді ұйымдастыру. Қатысушы мекемелердің және жұмылдыратын инженерлік-техникалардың дайындығын пысықтау барысына аудан көлеміндегі Азаматтық қорғау құрылымдары және жергілікті мекемелер түгел қатыстырылды. Саптық байқауға 17 мекемеден 158 қызметкер, 30 әр түрлі техника, 5 дана мотопомпа, 160 дана күрек, 220 дана қап, 2 дана генератор, 1 дана спутникалық байланыс телефоны, 27 әр түрлі құрал-жабдықтар және инертті материалдар қатарында: 18 тонна құм, 10 тн қиыршық тас қоры дайындыққа келтірілді.

Аудан бойынша 3800 тн жанар- жағармай, 13 тонна әр түрлі азық-түлік, 305 төсек орын нақтыланды.

Аудандық оқу-жаттығу штабының барлық-құрал-жабдықтарының сапасы мен қызмет көрсету мүмкіншіліктері, техникалардың заманауи талапқа сай дайындығы тексерілді.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

Сурет автордікі.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521