Бүгін тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру, сондай-ақ ауданды абаттандыру, санитарлық тазалық секілді бағыттардағы жұмыстардың тиімділігін күшейту мақсатында кент әкімдіктеріне жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға алынған арнайы коммуналдық техникалар салтанатты түрде табысталды.
Арнайы техниканы табыстау шарасында аудан әкімі Азамат Саматұлы кент әкімдіктеріне беріліп отырған бұл техникалар – мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдаудың, жергілікті атқарушы органдардың халық игілігі жолындағы қажырлы еңбегінің көрінісі екендігін атап өтті.
Сондай-ақ, алдағы уақытта осы техникаларды тиімді пайдаланылып, ауданымыздың көркеюіне, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтеруге қызмет ететініне сенім білдірді.
Айта кетейік, аталмыш шара аясында 2 КДМ, 2 қоқыс тасығыш, 2 шағын жүк тиегіш трактор мен 1 арнайы авариялық камаз табысталды.
Ә.ҚАСЫМ
Суреттер автордікі