Мемлекеттік қызметшілер құрмет төрінде

Мемлекеттік қызметшілер құрмет төрінде
Суреттер автордікі
(0 Votes)

Бүгін 23 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Доссор мәдениет үйінде салтанатты шара өтті.

Аталған шара мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп жүрген мамандардың еңбегін дәріптеу, ел игілігі жолындағы қызметін құрметтеу мақсатында ұйымдастырылды.

Мерекелік жиында сөз алған аудан әкімі Азамат Мәмбетов сала мамандарын кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтап, мемлекеттік қызметтің ел болашағы үшін маңызын ерекше атап өтті.

Шара барысында аудан басшысы мемлекеттік қызметте абыройлы еңбек етіп жүрген бірқатар қызметкерлерге облыс, аудан әкімдерінің, мәслихат төрағасының және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының алғыс хаттарын табыстады.

Марапат иелері қатарында түрлі бөлімдердің, округтер мен кент әкімдіктерінің, сот және прокуратура салаларының үздік мамандары бар. Олар – өз саласының білгірі, жауапкершілік пен кәсібилікті ту еткен адал еңбек иелері.

Мерекелік кеш концерттік бағдарламаға ұласып, мәдениет үйінің өнерпаздары көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ж.Қамза

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT