АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУ – ЖАС МАМАННЫҢ ҰСТАНЫМЫ

АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУ – ЖАС МАМАННЫҢ ҰСТАНЫМЫ
(0 Votes)

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттіңтірегі, ел дамуының өзегі. Бұл саланыңбасты міндеті – халыққа сапалы қызмет көрсету, заң шеңберінде жүйелі жұмысжүргізу, ел мүддесіне адал қызмет ету.Сондықтан да мемлекеттік қызметшінің жұмысы – үлкен жауапкершілік пен адалдықты талап ететін абыройлы міндет. Бұл қызмет ел мен халық алдындағы үлкен жауапкершілікті талап ететін сала. Бұл саланы кез келген адам таңдай бермейді, оны жүрегіменелге қызмет етуді мақсат тұтқан азаматтар ғана таңдайды. Қай істің болмасын абыройлы болуы– сол саланың жүгін арқалаған мамандардың кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Осындай биік талапқа сай еңбек етіп жүрген, мемлекет мүддесіне қалтқысыз қызмет етуді өмірлік ұстанымына айналдырған жанның бірі – Орынбасар Хайруллин.

Мұнайлы өлкеде дүниеге келген ол жастайынан елгезек мінезімен көзге түскен. Орынбасар Сағындықұлы М.Баймұханов атындағы орта мектепте білім алып, 2015 жылы Атырау қаласындағы Каспий өңірілік қазіргі замандағы жоғары колледжіне оқуға түседі. Аталған оқу орнын 2018 жылы «Кеңесші заңгер» мамандығы бойынша тәмамдап, кәсіби жолын бастайды. Бүгінде білімін әрі қарай жалғастырып, 2023 жылдан бері Орал қаласындағы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетіндеқұқықтану мамандығы бойынша қашықтан жоғары білім алуда.

Ол аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманы болып еңбек етіп, халықпен тығыз байланыста жұмыс атқарып келеді. Мемлекеттік қызметтің маңызды міндеттерін абыроймен атқарып жүрген Орынбасар Сағындықұлы аудан әкімінің төрағалығымен өтетін түрлі деңгейдегі жиындар мен мәдени шараларды ұйымдастыруға белсене қатысады. Сонымен бірге облыс және аудан әкімдерінің тұрғындармен кездесулерін үйлестіріп, сол кездесулер барысында берілген тапсырмалардың  орындалуын бақылау – оның тікелей міндеттерінің бірі. Бұл – жауапкершілікті,ұқыптылықты, уақытпен санаса білуді қажет ететін жұмыс. Орынбасар көпке үлгі боларлық маман. Мемлекеттік қызметке кездейсоқ келмей, бұл жолды саналы түрде таңдаған жан. Ол өз өмір жолында алған білімін, жинаған тәжірибесін ел игілігіне жұмсауды мақсат етеді. «Мемлекеттік қызмет – тек жұмыс орны емес, бұл – өмірлік ұстаным» дейтін ол, кез келген істе әділдік пен шынайылықты алдыңғы қатарға қояды. Сонымен қатар ол қызметтік міндеттерді мүлтіксіз орындаумен қатар, әріптестері арасында сыйлы, беделді маман ретінде де құрметке ие.

«Мемлекеттік қызметті таңдаған әрбір азамат ең алдымен елге пайдасын тигізуді ойлауы қажет. Бұл жолда адалдық пен қарапайымдылық қасиеттерін серік етіп, жастық күш-жігерін туған жеріне арнаса, әрбір істің берекесі болады»,- дейді жас мемлекеттік қызметші. Қарапайым еңбекқор отбасынан шыққан азамат – төрт ұл, бір қыздың ішінде үшінші бала. Әкесі – мұнай саласының маманы, анасы – үй шаруасында. Осындай тәрбиелі отбасында өскен жастың елге қызмет етуі – оның алған тәлім- тәрбиесінің жемісі. Бос уақытында кітап оқуға, өзін-өзі дамытуға ден қоятын ол туған өлкесінің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосуды армандайды. Сонымен қатар Орынбасар спортпен де белсенді айналысады. Бала кезінен спортты серік еткен оның қоржынында қазақша күрес, кіші аяқ доп, кір тасын көтеру сынды спорт түрлерінен жеткен жетістіктері бар. Мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық спартакиадаларда жүлдегер атануы – соның айғағы.«Бала кезімнен спортқа бейім болдым. Қазірде спорт – денсаулық кепілі әрі сүйікті хоббиім. Қызмет жолындағы табыстарымның бір бөлігі осы хобби арқылы келеді. Бүгінгі заманда жан-жақты болған дұрыс деп ойлаймын», – дейді ол.

Білімді де белсенді жастардың ел игілігі үшін қызмет етіп жүргені көңіл қуантады. Себебі елдің ертеңі – осындай елжанды, мақсатшыл азаматтардың қолында. Қазіргі таңда Орынбасар – аудан әкімдігінде қызмет атқаратын  ең жас мемлекеттік қызметшілердің бірі. Жастығына қарамастан, қызметіне зор жауапкершілікпен қарап, болашақта еліміздің дамуына, туған өлкеміздің көркеюіне үлес қосуға ниетті. Мемлекеттік қызмет – табандылық пен төзімділікті талап ететін сала. Осы жолда сеніммен еңбек етіп жүрген Орынбасар Сағындықұлы сынды азаматтар ел болашағына сүбелі үлес қосып келеді. Мұндай жастар– мемлекетіміздің ертеңіне деген сенімді нығайтатын тірек.

Ж.Қамза

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT