Мемлекеттік қызметтердің сапасы артады

(0 Votes)

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Атырау облысы бойынша филиалының жаңа директоры Қалмұратов Руслан Жарқынбекұлы алғаш рет Мақат ауданында болып, аудан тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылады.

Іс-сапар барысында Руслан Жарқынбекұлы «Азаматтарға арналған үкімет» қызметінің тиімділігін арттыру бағытында бірқатар нақты ұсыныстар және жоспарларымен бөлісті.

Сонымен қатар жаңа директор әкімдік ғимаратындағы қызмет көрсету орталығын аралап, тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Мақат ауданы бойынша филиалын жаңа ғимаратқа көшіру мәселесін талқылады.

Руслан Жарқынбекұлы жұмыс сапары соңында алдағы уақытта да тұрғындар үшін көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және қолжетімділігін арттыру мақсатында белсенді жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

"МТ"

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT