АУДАНДА "КӨКТЕМ-2025" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ

АУДАНДА “КӨКТЕМ-2025» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӨТТІ
(0 Votes)

 Бүгін аудан әкімінің қатысуымен «Көктем – 2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жиыны өткізілді. 

Алдымен 82/2 көпқабатты тұрғын үйдің автокөлік тұрақ алыңында аудандық азаматтық қорғау қызметінің жауапты қызметкерлері, сондай-ақ, ауданның тіршілігін қамтамасыз ететін коммуналдық кәсіпорындардың күш-құралдар мен техникалардың әзірлігін тексеру мақсатында саптық тұрғызу ұйымдастырылды.

Саптық жиын барысында алдымен аудан әкімі Азамат Саматұлы азаматтық қорғау қызметтерінің басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің төтенше жағдайларды жоюға күштері мен құралдардың дайындығының жай-күйін тыңдап, жедел әрекет ету жасағының дайындық деңгейін бақылады.

Оған аудан көлеміндегі Азаматтық қорғаудың 10 қызметі, аумақтық құралым жасақтарының құрамына кіретін барлық жергілікті мекемелерден тұратын 18 мекеме, 175 қызметкер, әртүрлі құрал-жабдықтар мен техника жұмылдырылды.

Саптық жиыннан соң, аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Азамат Мәмбетовтің төрағалығымен “Көктем-2025” су қауіпінің алдын алу мақсатында штаб отырысы өткізіліп, көктемгі су басу қауіпінің алдын алу мақсатында дайындық жұмыстарын пысықтап, тиісті шаралар қабылдау керектігін жеткізді.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT