Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қатысты жеке және заңды тұлғалардан 24 өтініш түскен

(0 Votes)

Жалпы, 2021 жылдың басынан бастап бүгінгі күнге дейін Департаментке мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы бойынша барлығы жеке және заңды тұлғалардан 24 өтініш түскен болатын.

Бұл ретте, түскен өтініштердің пайздық үлесі: 1) 63% (15 өтініш) жер қатынастары, геодезия және картография саласы;

2) 10% (2 өтініш) мүлік және зияткерлік меншік құқығы саласы;

3) 5% (1 өтініш) салықтық әкімшілендіру, бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп, аудиторлық қызмет саласы;

4) 5% (1 өтініш) құжаттандыру саласы;

5) 5% (1 өтініш) сәулет-қала құрылысы қызметі саласы;

6) 12% (3 өтініш) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы. Түскен өтініштердің ішінде, 18 өтініш берушінің арызы расталмай өз дәлелін таппады, 2 шағымданушының өтінішінде көрсетілген уәждер расталып,құқықтары қалпына келтірілді, ал 4 өтініш қаралу үстінде. Талдау барысында, қызмет алушылар көбінесе мемлекеттік органдар тарапынан қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту және сөзбұйдалыққа салу фактілеріне шағымданатындығы белгілі болды. Жалпы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қатысты арыздар негізінде қызмет беруші органдарда 22 тексеріс жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 11 ұсыным енгізілді.

Бұл ретте, тексерулер нәтижесінде 4 заңбұзушылық анықталып, 1 лауазымды тұлғаға әкімшілік іс қозғалып, 43.755 теңге көлемінде айыппұл салынып толықтай өндірілді, ал 3 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды (ескерту-3). Өз кезегінде, Департамент мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган болғандықтан бақылау жұмыстары үнемі жүргізілуде. Бұл ретте, азаматтар тарапынан мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда Департаментке жүгінуге құқылы екендігі хабарланады.

Мекен-жайы: Атырау қаласы, Сұлтан Бейбарыс даңғылы, 419.

Байланыс телефондары: +7 (7122) 26-27-40

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT