Мейірімді жүрек иесі

(0 Votes)

«Болашақ» бөбекжай балабақшасында «Тәрбиеші - мейірімді жүрек иесі» тақырыбымен тәрбиешілер арасында сайыс өтті.

Тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін арттырып, педагогикалық жағдайларды шешу мақсатында ұйымдастырылған шара қызықты өтті. Шығармашылыққа құрылған кеш мерекелік көңіл-күй сыйлады. «Менің портфолиом - педагогикалық бейнем», ертегіні сахналау тәрізді бөлімдерде ізденісті еңбек тәжірибесімен бөліскен мамандар теориялық білімдерімен сынға түсті. Өнерлерін ортаға салды.

Нәтижесінде, «Ең үздік тәрбиеші» дипломын ортаңғы «Күншуақ» тобының аға тәрбиешісі Жайнагүл Саркулова, І кіші «Балапан» тобының аға тәрбиешісі Ботагөз Жакиева иеленді. Қалған топ тәрбиешілері әр түрлі номинация бойынша марапатталды.

Ж.Макишева,

балабақша әдіскері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521