Тұрғын үй көмегі кімдерге беріледі?

(0 Votes)

Егер де жекеменшігінде біреуден артық тұрғын үйі болып немесе тұрғын үйді қосымша жалға берген тұлғалар болса, олар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін барлық нысанды үйлерде әлеуметтік тұрғын үй нормасы бір адамға пайдалы алаңның -18, көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғызбасты азаматтар үшін 30 шаршы метрі мөлшерінде бекітілді.

Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) немесе сенімхат бойынша оның өкілі Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе электронды үкіметтің www.eqov.kz. веб порталы арқылы өтініш беріп, төмендегі құжаттардың көшірмелерін тапсырады:

- Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы);

- Отбасының кірісін растайтын құжаттар;

-Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп – ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;

- Коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;

-Телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек – шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

- Жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.

Ә.ЖҰМАХАНОВА,

аудандық жұмыспен қамту,

әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521