Саябақтың сәнін келтірді

(0 Votes)

Доссор кенті әкімі аппаратының жанынан құрылған Аналар кеңесінің жұмыс жоспарына сай экологиялық шара өткізілді.

Шара жастардың жоғары әлеуметтік жауапкершілігін және патриоттық сезімін қалыптастыруды мақсат етті. А.Құнанбаев, О.Сарғұнанов, С.Шарипов, Б.Қанатбаев атындағы орта мектеп оқушылары орталық алаңдағы «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» мемориал ескерткішінің аумағын тазалау жұмыстарын жүргізді. Оқушылар саябақ аумағындағы ағаштардың түбін әктеп, қопсытып және қаулап өскен арам шөптерді орды. Гүл бақтарын тазартып, айналада шашылған қоқыстарды жинады.

Шараға қатысқан Доссор кенті әкімінің бас маманы М.Нұрғалиева және аналар кеңесінің мүшелері Ү.Балмағамбетова, Т.Дауымова жетекші мұғалімдер мен оқушыларға тыңғылықты іс тындырғандарын айтты. Өз беттерімен де достарын шақырып, қоршаған ортаны тазалап, осындай игі іс жасаса, кентіміздің көркеюуіне қосқан үлкен үлес боларын жеткізді.

М.ІЗТҰРҒАНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521