Мақаттық Марфуға жасаған сабын сұранысқа ие

(0 Votes)

Бұл күні уақытты пайдалы шаруаға арнаудың түрлі жолы бар. Мәселен, соңғы кездері танымал болып келе жатқан сабынды қолдан жасау – көп ғасырлардан бері белгілі кәсіп. Бұрынғы кезде сабынды қолдан қажеттілік үшін ғана жасаған болса, қазір  бұл адамдарға қуаныш әкелетін өнерге айналған.

Ауданымызда да күнделікті қолданылатын сабыннан ерекше дүние жасайтын шебер тұрады. Хоббиін кәсіп көзіне айналдырған тұрғынның аты-жөні  Марфуға Ағынова. Ол- киелі Маңғыстау өңірінің тумасы. Мұнайлы Мақат кентіне осы жылдың ақпан айында келін болып түскен.

41393fba-c41a-4bae-9982-6e5e330693e1

Сабынды тек гигиеналық құрал ретінде елестететін адамдар арасынан ерекшеленіп, бұл өнімнен әртүрлі мүсіндер жасауға болатынын түсінген Марфуға кәсібін төрт ай бұрын бастаған. Бұл іспен айналысуға оған үйде жұмыссыз отыруы себеп болған екен. Жалпы Марфуғаның негізгі мамандығы химия пәні мұғалімі. Ол Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде білім алған. Қазіргі айналысып отырған ісі мамандығына жақын болғандықтан, бұл өнерді қолға алу оған қиынға соқпаған. Өйткені, студент кезінен лабораториялық жұмыстарда әр түрлі сабындарды жасап, машықтанып үйренген екен.

«Сабынның жасалуы, әр түрлі иістері кім-кімді болсын қызықтыратыны анық. Мен де қолымнан келгесін неге осы кәсіпті жасап көрмеске деп хоббиім еткен болатынмын. Бұл салаға келуіме арнайы аппарат және оған қажетті құрал жабдықтарды алып беріп, себепкер болған жолдасым»,- дейді шебер.

9

Ауданымызда бұрын соңды мұндай өнермен ешкім айналыспағасын, Марфуғаның өнімдері тұрғындар арасында лезде сұранысқа ие болған. Ерекше іске зейіні ауған ол сабындарды сәнді етіп жасайды. Мәселен, түрлі-түсті гүлдердің, ойыншықтардың, жемістер, мульфильм кейіпкерлерінің пішініне ұқсатып, арнайы қалыпта сабын жасап шығарады. Сондай-ақ, бесікке салу, сүндет той, ұзатылу, үйлену тойына арнап та кәде сабындар әзірлейді.

Толығырақ газетімізден оқи аласыз!

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT