Мақаттық бишілер Әзірбайжан мен Түркия елінде өтетін байқауға барады

Мақаттық бишілер Әзірбайжан мен Түркия елінде өтетін байқауға барады
(0 Votes)

Жуырда «Festlife» жобасы аясында Ақтөбе қаласындағы Т.Ахтанов атындағы драма театрында «Dance Battle» атты би фестивалі өтті.

Аталмыш байқауда 5-10 және 11-18 жас аралығындағы би топтары классикалық би, халық биі, поп-би, заманауи би, шығыс биі бойынша өз өнерлерін ортаға салды.

Қатысушылардың билерін халықаралық қазылар алқасы, жетекші университеттер мен шығармашылық мектептердің мамандары, профессорлар тамашалап, бағаларын берді. Бұл байқауға Мақат балалар өнер мектебінің оқушылары қатысып, нәтижесінде жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, «Ай-Тұмар» кіші би тобы мен «Зерде» орта би тобы I орынды жеңіп алып, «Зерде» кіші би тобы бас жүлдеге ие болды.

Олар наурыз айында өтетін Әзірбайжан мемлекетінің Баку қаласындағы «Khazar folk 2025» атты халықаралық өнер фестиваліне және мамыр айында өтетін Түркия елінің Алания қаласындағы халықаралық «Alanya Dance festival 2025» байқауына жолдама алды.

Бұл ретте би топтарының жетекшілері Айнаш Жалғасбева, Құралай Өтешова мен Зергүл Сафиқызының еңбегі зор екендігін айта кеткеніміз жөн.

Ж.Гүлдана

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT