Бүгін аудан әкімі Азамат Мәмбетов 1 наурыз - Алғыс айту күніне орай осыдан 40 жыл бұрын Мақат стансасында жанар-жағармай құйылған 15 тонналық алып цистерналар өртенген кезде қаймықпай ерлік көрсеткен сол кездегі Мақат стансасының кезекшісі Айман Жұмашева мен Мақат станциясында теміржолшы қызметін абыроймен атқарған еңбек ері Латип Шахатовтың ұрпақтарына құрмет көрсетті.
Мереке қарсаңында аудан әкімі ел үшін еңбек етіп, сол кезде ауданның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан жандардың ұрпақтарына алғысын айтып, олардың еңбек пен ерлігін ұмытпай, бүгінгі буынға насихаттау керектігін жеткізді.
Сондай-ақ, Алғыс айту күнінің еліміз үшін маңызы зор екендігін айтып, еңбек ерлерінің ұрпақтарына аудан әкімінің арнайы сыйлықтарын табыс етті.
Өз кезегінде құрметке бөленген жандар аудан әкімдігіне ризашылықтарын жеткізді.
Ә.ҚАСЫМ