Ішімдіктен бас тартқан ауыл

Ішімдіктен бас тартқан ауыл
(0 Votes)

Бүгінде Бәйгетөбе ауылдық округіне қарасты «Мұнай айдаушылар» ауылы аудан бойынша тентек суға тосқауыл қойған жалғыз ғана ауыл болып отыр. 

234 тұрғын мекендейтін аталған ауылдың азаматтары салауатты өмір салтын басты назарда ұстау арқылы, ащы судан аулақ болу қауіпсіз қоғамға бастайтын бірден-бір жол деп санайды.

Тіпті сенсеңіз арақ-шараптан тиылған аталған елді мекенде соңғы жылда ешқандай жанұялық жанжал бойынша хабарламалар мен көшеде әкімшілік құқық бұзушылық фактілері тіркелмеген.

Өйткені ресми мәліметтерге сүйенсек, Қазақстандағы әрбір бесінші қылмыс тұлғаның масаң күйде болуы нәтижесінде жасалады.

Осы ретте жақында облыстық полиция департаментінің талдауымен аудан бойынша Бәйгетөбе ауылдық округінің «Мұнай айдаушылыр ауылы» 2024 жылдың мәліметіне сәйкес, «Ішімдіксіз ауыл» санаты бойынша «Ең үздік ауыл» болып танылды.

Оған елді мекенде орналасқан азық-түлік дүкендерінде алкоголь және темекі өнімдері сатылмайтындығы және қылмыстық фактілердің тіркелмегені дәлел.

Сонымен қатар, ауылдағы азық түлік дүкендерінің иелері аптаның әр жұма күні ауыл тұрғындарына тегін нан таратып, қайырымды істің басы-қасында жүр.

Жалпы ішімдіктен бас тарту дәстүрлі құндылықтарды нығайтуға, сонымен қатар, салауатты өмір салтын қалыптастыруға зор ықпал ететіні анық. Ал, ауыл тұрғындарының мұндай қадамы - олардың қауіпсіз қоғамға деген ұмтылысының бір көрінісі.

Ботакөз Асхатқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT