Мақаттық құтқарушылар жоғалған малшыны тапты (+ВИДЕО)

(0 Votes)

17 мамыр күні аудандық №8 ӨСБ  байланыс бекетіне аудандық полиция бөлімі кезекшісі «Батиха» шаруа қожалығының 1993 жылы туылған малшысы  16 мамыр күні сағат 14.00 шамасында мал іздеп жүріп, із-түссіз жоғалып кеткендігі жөнінде хабарлама түседі.

Төтеншеліктер сол күні дереу іздестіру жұмыстарын жүргізіп сағат 14.25 шамасында малшыны шаруа қожалықтан 6 шақырым жерден «Мақат-Индер» теміржол бағыты бойынан табады. Табылған малшының жағдайы бір қалыпты және медициналық қызмет қажет болмаған. Жоғалған малшы іздеу жұмыстары басталғаннан кейін бес сағаттан соң табылған. Іздестіру жұмысына Мақат кенті №8 ӨСБ-нің Уаз Пикап, жеке кұрамнан 3 құтқарушы және аудандық полиция бөлімінен 6 қызметкер, 2 автокөлік жұмылдырылған. «Батиха» шаруа қожалығы Мақат кентінен 25 шақырым жерде орналасқан.   

Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі тұрғындарға далада адасып қалған жағдайда өмір сүру ережелерін және адамға не істеу керектігін мына ережелермен ескертеді:

whatsapp-image-2020-05-20-at-13_00_45

Біріншіден, жақындарыңызға және достарыңызға өз бағытыңызды, оралудың болжамды мерзімдері туралы айту. Егер сіз уақытында оралмаған болсаңыз, олар дабыл қаға бастайды және құтқарушыларды қажетті жерге апара бастайды.

Екіншіден, сапарлау барысында ауа-райы болжамын қарап, дауылды ескертулер жарияланбағанды жөнінде көз жеткізу керек.

Адасып қалған жағдайда далада бағдарлауға тек күн емес, ай және жұлдыз бойынша бағыт табуға болады. Далада бағдарлану үшін тек жан жағына қарау ғана емес, аяқ астына да қараңыз: тастың астындағы топырақ оңтүстікке қарай құрғақ келеді, ал саршұнақтар әрдайым оңтүстік жағынан кіру үшін інін қазады.

 

Үйге қалай да жетсем деген мақсат қойсаңызда, әлсіреп қалмау үшін өз мүмкіндіктеріңізді есептеңіз. Сондай-ақ, құтқару қызметінің нөмірі «112» екендігін естен шығармаңыз.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT