Карантин кезінде қадірі айрықша білінген жандардың бірі - ұстаздар мен балабақша тәрбиешілері. Айдан айға ұласқасын ба бауыр етінен безінбесе де баласын үйіне сыйдыра алмай жүрген бір адам. Міне, кезең түгесілуге таяған тұста күйбең тіршілік қайта қалыпына келе бастады.
Бұған дейін әсіресе жұмыс жасайтын ата-аналарға мектеп жасына дейінгі балғындарын үйінде қалдыру қиынға түскен еді. Тіпті осы бір кішігірім қарбалас кезеңінде кейбіреулері туыстарының үйін жағалап кеткені жасырын емес. Сәрсенбінің сәтті күні ауданымызда тағы бір нысан - балабақшалар өз жұмысына кірісті.
Балабақшалардағы жұмысын бастаған кезекші топтар санитарлық-дезинфекциялық талаптарды сақтауды алдыңғы орынға қойған. Бір айта кетерлігі кезекші топтарға балалар ата-анасы жұмыста болған жағдайда ғана қабылданады және жұмыс орнынан анықтамасы болуы тиіс дейді аудандық білім беру бөлімі. Сонымен қатар, баланы балабақшаға ата-анасынан ғана қабылдайды. Атасы, əжесі немесе егде адамдар, мектеп оқушылары, ауырып жүрген адамдар апаруға болмайды деген шарт та қойылып отыр.
А.САДЫКОВ
Фото: "Мақат тынысы" архивінен