Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Қазақстан халқына Жолдауында спорт саласына айрықша тоқталды. Мемлекет басшысы бұқаралық және балалар спортын дамытудың маңызын атап өтіп, спорт инфрақұрылымын қолжетімді ету керектігін тапсырды.
Бұл – өте орынды. Себебі ұлт денсаулығы - мықты мемлекет құрудың басты негізі.
Ауданымызда да спорт алаңдарын көбейтіп, балалар мен жастарға мүмкіндік жасалып жатыр. Демек спорт арқылы дені сау, жігерлі ұрпақ өседі әрі ауданымыз да дамиды, халықтың өмір сүру сапасы да артады.
Ш.Ищангалиев,
аудан ардагері