“Мақат марафон – 2025”

“Мақат марафоны – 2025”
(0 Votes)

Бүгін Доссор кентінде Республика күніне орай “Адал жол – честный путь!” ұранымен “Мақат марафоны – 2025” атты күзгі жаппай жүгіру өтті.

Шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты дамыту болып табылды.

Марафон Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, аудан әкімінің орынбасары Бекәділ Жайкин жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жүгіру басталмас бұрын облыстық және республикалық жарыстардың жүлдегері Аманқұл Құлсариев қатысушыларға арнайы жаттығу түрлерін көрсетті.

Одан кейін барлық қатысушылар жас ерекшеліктеріне байланысты Доссор кенті әкімдігі мен теміржол вокзалы мекемесі аралығында белгіленген қашықтықты жүгіріп өтті.

Марафон соңында жүлделі орын алған қатысушыларға аудан әкімінің атынан арнайы дипломдар, медальдар және қаржылай сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, жаппай жүгіру марафонына аудан бойынша барлығы 200-ге жуық адам қатысты.

 

#RepublicDay

#25Қазан

#Декларация35жыл

#МеніңҚазақстаным.

Г.Жұбанышқалиева

Суретті түсірген Б.Серік

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Республика күні

AQPARATPRINT