Республика күні қарсаңында №4 арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығында «Қарттар аманаты – ұлттың қазынасы» атты ұршық иіруден шеберлік сағаты өтті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Шеберлік сағатының басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды жаңғырту, жастармен қатар ересектер арасында да ұлттық қолөнерді ұмыт қалдырмай, дамыту.
⁃ Жиын барысында аналар ұршық иірудің әдіс-тәсілдерін көрсетіп, қазақ әйелдерінің тұрмыстық шеберлігін таныстырды. Кездесуде ұлттық тәрбиенің отбасындағы және қоғамдағы рөлі, мәдени мұралардың ұрпаққа аманат ретінде берілуі жөнінде тағылымды пікірлер айтылды. Шеберлік сағатында орталықтың қатысушылары қызығушылық танытып, белсенділік көрсетуде, - деді №4 арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығының директоры Марина Зайырова.
Іс-шараны Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Алтын шаңырақ» аналар кеңесі және «Қазақия» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Бүгінде №4 арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталығында 100-ге жуық адам тұрақты күтімде. Олардың 30-ы әйелдер болса, қалғаны — ер адамдар.
#RepublicDay
#25Қазан
#Декларация35жыл
#МеніңҚазақстаным.