Мемлекет басшысы Қазақстан Халқына жолдаған әрбір Жолдауында маңызды мәселелерді қозғап, ел болашағына берік бағдар жасайды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында:
«Қазақстан міндетті түрде цифрлық ел болуы тиіс», – деп атап өтті. Бұл сөздер ел дамуының жаңа бағытын айқындап берді.
Цифрландыру мен жасанды интеллекттің қарқынды дамуы – заман талабы. Мемлекет басшысы бұл үрдіске бейжай қарамай, нақты іс-қимыл қажеттігін баса айтты.
Бүгінде жасанды интеллект пен заманауи технологиялар – елдің өркендеуіне серпін беретін басты күш. Бірақ бұл мүмкіндіктерді тиімді әрі қауіпсіз пайдалану – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Уақыт көшінен қалмай, цифрлық даму жолын дұрыс бағдарлау – жарқын болашақтың кепілі деп білемін.
Қ.Омаров,
аудандық ақсақалдар кеңесінің мүшесі