2025 жылғы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы – біз, жастар үшін тың серпін мен үлкен мүмкіндік.
Бұл құжатта айтылған озық идеялар мен нақты бастамалар – біздің болашағымыздың берік негізі. Әсіресе, сапалы білім беру, жаңа жұмыс орындарын ашу, заманауи технология мен инновацияны дамыту – жас ұрпаққа жол ашатын басты бағыттар.
Бұл Жолдау мені үмітке жетелейді, елімде өз орнымды табуға, үлкен армандарға сеніп, нақты әрекет етуге шабыттандырады.
Себебі Қазақстанның келешегі – тек саясаткерлер мен көшбасшылардың емес, әрбір жастың белсенділігі мен табанды еңбегіне тікелей байланысты. Біз – ел ертеңінің тірегі екенімізді ұмытпауымыз керек.
Нұрайна Жалғасбайқызы,
Атырау жоғары медициналық колледжі студенті