Атырауда алғашқы облыстық неонаталдық хирургия бөлімшесі ашылды 

(0 Votes)

Республика күні қарсаңында Атырау қаласының облыстық Перинаталдық орталығында бірінші неонаталдық хирургия бөлімшесі ашылды. Бұл жобаны «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен AYALA қайырымдылық қоры жүзеге асыруда,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Бөлімше ашылмас бұрын мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен заманауи жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ауаны арнайы тазарту және желдету жүйесі, хирургиялық жарықтандыру орнатылған. 
Кейін жаңа реанимациялық үстел, наркозды-тыныс алу аппараты және MAC R32D рентген қондырғысы табысталды.

- Бөлімше қыркүйек айында өз жұмысын бастады. Содан бері 4 нәрестеге сәтті ота жасалды. Біздің орталықта жоғары кәсіби неонатолог дәрігерлер жұмыс істейді. Арнайы медициналық жабдықтың арқасында біз кардиологияны қоса алғанда шұғыл хирургиялық көмексіз аман қалатын мүмкіндігі жоқ балалардың өмірін одан әрі сақтап қалуға сеп болады,- деді облыстық Перинаталдық орталық директорының у.м.а. Меруерт Айдарханова.

Облыс бойынша жыл сайын 25-30 нәресте хирургиялық потологиямен туылады. Ал бұл бөлімше өмірге жаңа келген бөбектің алғашқы сәттерінде жанын сақтап қалуға және өңірдегі сәби өлімінің санын азайтуға ықпал етпек.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT