Бауырлас елдер бас қосты

Бауырлас елдер бас қосты
(0 Votes)

Елімізге мемлекеттік сапармен Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев ресми түрде келіп, кездесу өткізді.

Оны «Ақорда» резиденциясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты түрде қарсы алды.

Рәсім барысында қос елдің басшысы бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырып, келіссөздер жүргізді.

Келіссөз барысында стратегиялық серіктестікті әрмен қарай нығайтудың жолдары талқыланып, сауда-экономика, көлік-логистика, энергетика, цифрландыру, денсаулық сақтау және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық салалары бойынша ауқымды мәселелер қаралды.

Ресми деректер бойынша, жоғары мемлекетаралық кеңес отырысы нәтижесінде Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы достық пен бауырластықты тереңдетуге бағытталған 15 маңызды құжатқа қол қойылды.

Айте кетейік, бұл сапар қос мемлекет арасындағы стратегиялық байланыстардың жаңа кезеңге қадам басқанын көрсетеді.

 

МТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Республика күні

AQPARATPRINT