Мақатта кезекті куиз өтті

(0 Votes)

 18 мамыр күні ауданымызда кезекті «Bas Time» білімділер бәйгесі ұйымдастырылды. Логика мен эрудиция сарапқа салынатын қазақша куиз ойынында бұл жолы 4 команда бақ сынады. Қызыққа толы 6 тур: тест, сөзжұмбақ, күрделі, сурет және аудио сұрақтар сынды тапсырмалардан тұрды.

Тартысты өткен сайыс нәтижесінде төртінші орынға Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінен келген «Brain time» командасы жайғасты. Үшінші орынды О. Сарғұнанов атындағы орта мектебінің намысын қорғаған «Жас қыран» командасы иеленсе, екінші орын өткен куиздың қатысушылары «Джомолунгма» еркін командасына бұйырды. Ал бірінші орынды кезекті рет «Кеттік, поехали, let s go» тобы жеңіп алды.

«Бүгінгі ойында алдыңғы жолы келгендер де, келмегендер де болды. Дегенмен командалардың аздау боп қалғандығы жерлестеріміздің куизды әлі түсіне қоймағандығының белгісі деп ойлаймын. Ауданда интеллектуал орта қалыптастыруымызға көмектесіп, қолдау танытқан Айдос Құбаев, Қуаныш Исмагулов, Геннадий Биманов, Есімхан Табылдыұлы, Азамат Шаңғалаев, Нұркен Унгаровтай азаматтарға алғыс айтамын», - дейді «Bas Time» қазақша куиз ойындарының Атырау облысы бойынша ұйымдастырушысы Асылбек Жұмабекұлы. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ойындар жалғасын таба бермек.

"МТ"

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT