Мақатта жарық бағаналары жаңартылып жатыр

фото: tirshilik-tynysy.kz
(0 Votes)

 Бүгінде елімізде инфрақұрылымды дамыту, оның ішінде көшелерді жарықтандыру және электр желілерін жаңғырту сынды жұмыстар жолға қойылған. Бұл бағыттағы жұмыстарды ауданымыздан да көруге болады. Өткен жылдан бастап Мақат кентіндегі ескі жарық бағаналары жаңасына ауыстырылып жатыр. 

Аудандық құрылыс бөлімінің мамандарының айтуынша, кентішілік 21,3 шақырым көше жарығы құрылысы және бұрынғы көше жарығын қайта жөндеу бойынша құрылыс жұмыстары 2022 жылдың шілде айында басталған. Бұл жұмыстарға жергілікті бюджеттен 706,373 млн теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың желтоқсан айында аяқталуы тиіс.

Мердігер «Қалдығайта» ЖШС жүргізіп жатқан құрылыс жұмыстарына бүгінде 1 кран, 1 камаз және 1 манипулятор автокөлік техникалары мен 8 құрылысшы жұмылдырылған.

Жауапты мамандардың сөзінше, «Локомотив» ықшам ауданы толықтай жаңа жарық бағаналармен қамтылған. Қазіргі таңда Н.Шағырова көшесінде құрылыс жұмыстары

жүргізілуде. Егер тындырымды тірліктер толығымен аяқталса, кент көшелерінің көркіне сән қосылары анық.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521