Облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясының қолдауымен «Мәдениетті ана - Мәдениетті ұлт» республикалық жобасы аясында аудандық Ішкі саясат бөлімінің және аудандық Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Көреген ене, ибалы келін» атты сайыс өтті.
Сайысқа 6 жұптан құралған ене мен келін қатысып, әр қайсысынан қазақилық леп сезіліп, отбасы ошақ қасында бесік тербеп, бала тәрбиелеп отырған аналардың өмірлік ұстанымдары дәріптелді.
Шара барысында отбасы құндылықтарын сақтай отырып, қазақи менталитетімізге сай ибалылық, кішіпейілділік қонақжайлылық, мейірімділік, жақсыға құштарлықты бойға сіңіре білген отбасылардың тату тәтті енесі мен келіндерінің тартымды сайысы орын алды.
Қорытындысында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Естай Мақсотов және аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Эльмира Ибраимова барлық қатысушыларды номинация бойынша марапаттады. Атап айтсақ, Батима Сабекова мен Айдана Мұратова «Өнегелі отбасы», Айнұр Нұрманова мен Гүлфарида Өтепберген «Берекелі отбасы», Сара Мәженова мен Венера Боранбайқызы «Өнерлі отбасы», Ақтамақ Сарқұлова мен Арайлым Құмарова «Парасатты отбасы», Үміт Сәтмағанбетова мен Мереке Семова «Ұлағатты отбасы», Эльмира Нұрғалиева мен Ләззат Айтжанова «Үлгілі отбасы» номинациялары бойынша марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.
Өз тілшіміз